имам көршісін өлтіріп, өз-өзіне қол салды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Полиция «Адам өлтіру» және «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысында имам өзінің көршісін өлтірді. Ер адамның денесі қорада табылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Жамбыл облысының тұрғыны өзінің көршісін пышақтап өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды», — деді Жамбыл ауданы полиция бөлімі тергеу жөніндегі басшысының орынбасары Дәулетжан Бектембаев.

Қылмыс жасаған соң имам өз-өзіне қол салған.

Қылмыстық кодекстің 99-шы бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру»)  және 105-ші бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалған. 15 және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.

Тағы оқыңыз:  Бүтін бір отбасын атып, өртеп жіберді: Алматы облысында болған қылмыс

Полиция қылмыстың себебін нақтылаған жоқ. Имам көршісімен сөзге келіп, жүрегіне пышақ сұқты. Қарсыласы өлгенін көріп, өз-өзіне қол салған.

Екі ер адам да 50 жаста, бір сыныпта оқыған.

Ауыл тұрғындары имамды тек жақсы қырынан танитынын, алайда оның қызуқанды болғанын айтқан.



sputniknews.kz