Миллиардер Илон Маск COVID-19 вакцинасын қолдайтынын айтты. Бірақ бұған дейін «Тесла» компаниясының директоры екпе салдырмайтынын атап өткен.

Бұл туралы Orda.kz Илон Масктың Twitter парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

— Нақтылағым келеді, мен екпені, әсіресе COVID вакциналарын қолдаймын. Ғылым бір жақты емес. Тек сирек жағдайларда аллергиялық реакция пайда болады, бірақ оны EpiPen (инъекция) арқылы оңай шешуге болады, деп жазды ол.

 

2020 жылдың қыркүйегінде Нью-Йорк Таймс газетінің Sway подкастындағы Маск ол және оның отбасы коронавирусқа қарсы вакциналанбайтынын айтқан болатын. Ол COVID-19 оған және оның балаларына қауіп төндірмейді деген сенімде болған. Өткен жылы Масктың короновируспен ауырғаны белгілі болды.