Илон Маск Twitter атауын өзгертпек

0

Илон Маск Twitter атауын X-ке ауыстыру туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

Осыдан бірер күн бұрын БАҚ-та танымал әлеуметтік желінің атауы өзгеруі мүмкін екені туралы ақпарат тараған.

Daily News-тің Twitter-дің ребрендингі жайлы постына «Бұл шын» деп жазды миллиардер.

Алайда Маск атауын өзгерту мерзімін атаған жоқ.