Илон Маск Билл Гейтс туралы: Ол ақымақ әрі мылжың

0
350
Porsche 959 Coupe, New Porsche Museum, Stuttgart, Baden-Wuerttemberg, Germany, Europe

Илон Маск өзіне де, отбасына да коронавирусқа қарсы вакцина салдырмайтынын айтты, деп хабарлайды CNN.

Илон Маск, белгілі американдық технологиялық бизнесмен, коронавирус эпидемиясының салдарын елемейтіндігімен танымал. Ол жуырда Нью-Йорк Таймстың «Sway» подкастында журналист Кара Свисчерге берген сұхбатында бұл ұстанымын тағы да қайталап айтты. Бұл жолы Маск өзіне де, отбасына да алдағы коронавирусқа қарсы вакцина салдырмайтынын бөлісті.

Ол бұған дейін вирустың таралуын тоқтату үшін коменданттық сағат пен бизнестің жабылуына қарсы болған. Илон Маск жуырда сөйлеген сөзінде, бәрін үйде ұстамай, жоғары таралу қаупі бар топтарды вирустың таралуы басылғанша оқшаулаған дұрыс болар еді деді. Ондай жағдайда көптеген адамдардың өмірін қиюы мүмкін ғой деген ескертуге Маск «Барлығы өледі», – деп жауап беріпті.

Тілшінің «Covid-19 алдын алу үшін қандай бір қызметкер жұмысқа келмей қоюға болама» деген сұрағына Маск солай болуға болады деді. Алайда оған жалақы төленеді ме? деген сұраққа ол жауап беруден бас тартты, тіпті сұхбатты тоқтатамын деп қорқытты.

«Кара, енді басқа тақырыпта сөйлесейік. Мен Ковид туралы әрі қарай дауласқым келмейді. Қаласаңыз, сұхбатты екеуміз де аяқтай аламыз», – депті осы кезде Маск.

Содан кейін ол миллиардер Билл Гейтс туралы жағымсыз нәрсе айтты. Гейтс шілде айында берген бір сұхбатында Илон Масктың вакцина туралы білімі жоқ болса да, аузына келгенді айтып жүретінін сынап, онан да өзі жақсы білетін электромобиль жасап, зымыран ұшырып жайына жүргені дұрыс болар еді деп айтқан болатын.

Гейтстің бұл сөзіне қалай жауап бересіз деген сұраққа Маск: «Ақымақ мылжың (knucklehead), біз саған инвестициялаған «CureVac» компаниясының вакцина жасайтын құрылғысын өндіріп, жеткізіп отырған жоқпыз ба дегенді айтқым келеді» деп жауап берді.

Аударған: [email protected]