Илья Ильиннің рекордын жаңартты: Ауыр атлетші Артем Антропов алтын алды

Қарағанды облысынан шыққан ауыр атлетші Артем Антропов жаңа рекорд орнатып, алтын алды.
Қазақстан чемпионатында Антропов салмағы 216 килограмм штанганы көтерді. Осылайша жалпы (157+216) 373 кг штанга көтеріп, алтын алды.
Бұған дейін елдегі рекордтық көрсеткіш Илья Ильинге тиесілі болды.
Осы салмақта екінші орынды 305 (135+170) килограммен Рахат Бекболат (Қызылорда облысы) иеленді. Ал үшінші орын Қарағанды облысынан шыққан Алексей Литовченкоға бұйырды, нәтижесі — 257 (115+142) килограмм.