Илья Ильин Қытайда өтетін Азия чемпионатына қатысатын болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Азия чемпионатында еліміздің атынан шығатын спортшылар тізімін жариялады. 

Илья Ильин Қытайда өтетін Азия чемпионатына қатысатын болды

Азия чемпионаты 18-28 сәуір аралығында өтеді. Оның ішінде ауыратлет Илья Ильин бар. Илья 2016 жылы допинг дауына байланысты уақытша шеттетілген еді, деп хабарлайды Stan.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

Бапкерлік құрама штабының басшысы Юрий Мельников Азия чемпионаты қазақстандық ауыратлеттердің ұпай жинауы үшін сәтті мүмкіндік екенін айтты. Одан әрі Олимпиада ойындарына жолдама алады. 

«Команданы құрамадағы мықты атлеттер таныстырады. Бастысы — міндетті дұрыс орындап, Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін жарақат алмау керек», — деді Юрий Мельников.

Қытайдың Нинбо қаласында өтетін чемпионатта Қазақстан атынан 18 спортшы қатысады. Илья 96 келі салмақта қатысады. Одан бөлек осы салмақта Рустем Сыбай жарысқа шығады. 

stan.kz