Илья Ильин маскүнемдіктен оңалту орталығында емделіп жатқан Алмас Өтешевтің жағдайын көрсетті

0

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин маскүнемдіктен оңалту орталығында емделіп жатқан әріптесі, ауыр атлет Алмас Өтешевтің жағдайын көрсетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.   

Ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин маскүнемдіктен емделу үшін ауруханаға жатқызған өзінің командалық әріптесі, жақын досы Алмас Өтешовтің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

“Уәде еткенімдей, сіздерге Алмас досымның қал-жағдайын көрсеткелі отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында емделіп жатыр. Ендеше, осы қиын жолда оның сауығып кетуіне күш-қуат тілейік», — деді Ильин.

Айта кетейік, бұған дейін Азия чемпионы Алмаз Өтешов «Уақыт көрсетеді» подкастында қиын кезеңдерді бастан өткергенін айтқан еді. Оның қазір күзетші болып жұмыс істейтіні белгілі болды.