Илья Ильин армрестлингтен әлем кубогында қола медаль ұтып алды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстандық атлет беделді турнир жеңімпаздарының қатарынан көрінді. Ол 30 елден келген қарсыласынан мықты екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан — Sputnik. Илья Ильин Польшада өткен кәсіпқойлар арасындағы армрестлингтен әлем кубогында үшінші орынға ие болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, ауыр атлет Илья Ильиннің аттасы 105 келі салмақ дәрежесінде қола медальді иеленді.


©
Photo : управления физической культуры и спорта Акмолинской области

Илья Ильин армрестлингтен әлем кубогында қола медаль ұтып алды

Бұл туралы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина хабарлады.

Ол жарысқа 30 елден 500-ге жуық спортшы қатысқанын атап өтті. 

Ал танымал ауыр атлет Илья Ильин болса, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасымен бірге Доха қаласына барды. 19-24 желтоқсан аралығында өтетін Қатар кубогында өнер көрсетпек.  Дохадағы турнирде Олимпиада-2020 лицензияларының тағдыры шешіледі.

Илья Ильин 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.



sputniknews.kz