«Илья да, біз де допинг қабылдадық»: Күзетші боп кеткен экс-чемпион біраз былықтың бетін ашты

0

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов спорттағы біраз былықты жайып салды, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Қазір күзетші боп жүрген ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында қонақ болып, допинг туралы көпшілік біле бермейтін мәліметтерді айтып берді.

«Допинг деген дәрі жоқ. Аспирин ішсең де ол допинг болып саналады. Допингті тексеретіндермен біздің министрлік келіседі. Бәрі ақша. Бізді тексеруге келгенде «двойник» деген болады бізде. Менің «двойнигім» Айдос деген мысалы інім болды. Ол Алмас Өтешов болып қан тапсырады. Илья Ильиннің Алексей деген ағасы тапсырады. Олар таза болып шығады. Бәрі жемқорлық. Допинг қабылдау кезең-кезеңмен жүреді. Мысалы қаңтар айында әлем чемпионаты болса, қаңтарға дейін дәрі ішеміз. Оны мойындаймыз. Тестостерон, пропианат, тернобол, гармональды таблеткалар қабылдадық. Онсыз көтере алмайсың.

Ол кезде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы болды. Талғат Ермегияев болды. Система біреу ғой, Венгриядан тексеруге келеді. Бәрі хабардар ғой. Мысалы сен Талғат Ермегияевсің. Допинг бақылауға тексеріс келеді. Министр болсаң барасың да келісесің. «Мә, саған 1 млн доллар», бітті, кетеді. Талғат Ермегияевқа біздің жүлде әкелгеніміз керек. Бірақ ол кісіні сыйлаймын. Оны қамап тастамағанда біз де допингтен кетпейтін едік. Өйткені допингті тексеретіндермен сол кісі ғана келісетін.  Илья Ильиннің де допинг қабылдағаны өтірік емес. Бәріміз допинг қабылдадық. Дәріні өзіміз болып ішпейміз. Медициналық жауапты маман, аға бапкер, бас бапкер бар. Солар бізге береді. Бәріне кінәлі Алексей Ни. Соны соттау керек. Қазір қайда ол? Жоқ. Бәрін істеген сол», – деді Алмас Өтешов.

фото: sn.kz