iKomek орталығы астаналықтарды сауалнамаға қатысуға шақырады
Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы әкімдігінің iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Елорда тұрғындары мен қонақтарын қатты-тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) тақырыбы бойынша әлеуметтік сауалнамадан өтуге шақырады.
Сауалнама статистикасы жұртшылықтың ҚТҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу туралы білімі мен жалпы қаланың экологиялық мәдениетіне қарым-қатынасын талдауда маңызды материал болады.
«Сондықтан елорда тұрғындарынан уақыт бөліп, осы сауалнамаға қатысуды сұраймыз. Сауалнамаға қатысу үшін тіркеуден өту немесе авторизациялау қажет. Әрбіріңіздің пікіріңіз маңызды! Қоршаған ортаға пайдаңызды тигізуде қаншалықты белсенді екеніңізді біліңіз», деп жазылған iKomek орталығының хабарламасында.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ