ІІМ желіні дүрліктірген видеоға түсініктеме берді
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратынша, белгісіз біреулер желіде Маңғыстау облысында төрт жыл бұрын болған өрттің видеосын таратқан
НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Желіде тараған видеоның астында алапат өрттің осы аптада болғаны жазылған.
«Өрт 2015 жылы 18 қыркүйекте Жаңаөзеннен 15 шақырым жердегі мұнай қалдықтарын төгуге арналған қоймада болды. Сол жылы 20 қыркүйекте өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
©
Photo : КЧС
2015 жылы Жаңаөзенде болған алапат өрт
Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырады.
sputniknews.kz