ІІМ Шерзат Полаттың ісі қашан аяқталатынын мәлімдеді
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жыл соңына қарай полицияның жасөспірім Шерзат Болатты өлтіру ісіне қатысты тергеуді аяқтайтынын мәлімдеді. Санжар Әділов қылмысқа қатысы барлардың жазаланатынын жеткізді.
«Жыл соңына дейін біз барлық сараптамаларды алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Осы қылмыстық істің 11 қатысушысы қамауда болады. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады, әрі қылмыстық іс материалдарын қылмыстық процеске қатысушыларға таныстырамыз», – деді ол.