ІІМ Қордай апатта қайтыс болғандардың азаматтығын жариялады
Қысқа сілтеме алу
Көз жұмған бір жолаушының азаматтығы анықталмаған, қалғандары – Орталық Азия елдерінің азаматтары
НҰР-СұЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Жамбыл облысындағы жол-көлік апаты салдарынан Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан-ға ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
ІІМ мәліметіне сәйкес, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы апатта сегіз адам оқиға орнында көз жұмған. 32 адам ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуі алған жарақаттарынан көз жұмды.
«Жол-көлік апаты салдарынан Қазақстанның жеті азаматы мен Өзбекстанның үш азаматы көз жұмды. Бір адамның азаматтығы әлі анықталған жоқ», — деді Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары бар.
Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қандай?
29 жолаушының үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер 13 адамды емханалық ем алуға жіберді. Қалғандары хирургия бөлімінде емделетін болады. Зардап шеккендердің дені – ер адамдар.
Автобустың шатыры жұлынып кетті: Қордайдағы жол апатының фотолары жарияланды
Қордайдағы жантүршігерлік апат
Трагедия бүгін сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181-ші шақырымында болды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Toyota Camry жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Осы сәтте жолда келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен.
Қордайдағы жол апатынан кейін қауырт желі ашылды
Облыс әкімдігі жедел штаб жұмысын ұйымдастырды, облыстың төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ашылды +7 (7262) 51 35 75 және +7 (7262) 51 41 67. Онда психологтар кезекшілік жасайды.
ІІМ Қордай маңындағы жол апатынан кейін видео таратты
Қылмыстық іс қозғалды
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бөлігіне (екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес алдын ала тергеу басталды.
Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІІМ мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу барысында сот сараптамаларының қорытындысы ескеріле отырып көлік жүргізушілерінің кінәсі анықталады.
sputniknews.kz