ІІМ қару ұрлаған сарбаз ісіне қатысты ақпарат берді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

18 0 0

Бастысы, ұрланған қару-жарақтан ешкім зардап шеккен жоқ, деп мәлімдеді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қару ұрлап кеткен сарбазға қатысты тергеу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Келісімшартпен әскери қызмет еткен сарбаз, шынымен де өзімен бірге қару-жарақ алып кеткен. Соның ішінде автоматтар мен тапаншалар бар. Ол ұсталды. Қазіргі кезде сол қаруды тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ертең, барлық тергеу аяқталып, оның сыбайластары анықталғаннан кейін біз арнайы ақпарат береміз. Сол жерде қару-жарақты қалай ұрлағанын және қайда тыққанын айтамыз», — деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.

Тағы оқыңыз: Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Министр тергеу құпиясын ескеріп, әзірше барлық деректі бере алмайтынын жеткізді.

«Бір нәрсе айтайын, ұрланған қарудан ешкім зардап шеккен жоқ. Ертең брифинг өткізіп, қару-жарақ бойынша мәлімет береміз», — деп атап көрсетті Ерлан Тұрғымбаев.



sputniknews.kz