ІІМ 1-наурызда заңсыз митингке шыққан адамдардың санын айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
104

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 1 наурыз күні елімізде рұқсатсыз митинг өткізбекші болған 80-ге жуық адамның ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

митинг

«Бас прокуратураның бірнеше мәрте жасаған ескертуіне қарамастан, кеше азаматтардың бір бөлігі тыйым салынған экстремистік ұйым ұсынған орындарда санкцияланбаған митинг өткізуге тырысты. Сол үшін полиция қоғамдық тәртіптің бұзылуын алдын алу шараларын жүргізді. Осылайша, ішкі істер органдарына, полиция органдарына 80-ге тарта азамат жеткізілді. Профилактикалық жұмыстардан кейін бәрі үйіне жіберілді. Төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды – бірі айыппұл арқаласа, үшеуі қамаққа алынды. Олардың екеуі полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетсе, біреуі санкцияланбаған митинг ұйымдастырғаны үшін ұсталды», – деді министр.

митинг

Тұрғымбаев ұсталған азаматтардың үш сағаттан артық қамалмағанын айтып өтті.

«Бізде бейбіт жиындар, шерулер мен демонстрациялар туралы заң бар. Ол жерде талаптар нақты жазылған. Бейбіт жиын өткізгісі келетін азаматтар атқарушы билік органдарына өтінім беріп, рұқсат алып, орыны, уақыты мен келетін азаматтар санын айқындауы керек. Бұл жағдайда ол шаралар жасалмаған, өтінім берілмеген. Оның үстіне Бас прокуратураның 1 наурызға байланысты ескертпесі бар. Сондықтан жиын заңсыз болды», – деп қосты ол.

митинг

Естеріңізге салайық, бұған дейін бас прокуратура қазақстандықтарды заңсыз наразылық акцияларын өткізбеу туралы ескерткен еді.

stan.kz