II Елизаветамен қоштасу рәсімінде күтпеген оқиға болды

0
61

Эдинбургте 12 қыркүйекте II Елизаветамен қоштасу рәсімі кезінде күтпеген оқиға болды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Патшайымның денесі салынған табытты Шотландия астанасы көшесінде апара жатқан кезде көпшіліктің арасынан бір жігіт ханзада Эндрюді балағаттаған. Ханзада катафалкадан кейін туыстарымен бірге жүрген.

Жігіт: «Сен ауру шалсың!» — деп айғайлаған.

Полиция оны ұстаған, осылайша, рәсім жалғасқан. Оқиға видеоға түсіп қалған.

Полиция оны ұстаған, осылайша, рәсім жалғасқан. Оқиға видеоға түсіп қалған.

Ханзада Эндрюға деген наразылық миллиардер Джеффри Эпштейнге байланысты айыптаулардан туындаған болуы мүмкін. II Елизаветаның ұлы кәмелетке толмаған адаммен қарым-қатынаста болды деген күдікке ілінген, сондықтан ол патша өкілеттігінен айырылған. Аза тұту кезінде оның әскери формада жүруге құқығы болмаған.

Айта кетейік, 13 қыркүйекте патшайымның денесі Лондонға жеткізіледі. II Елизавета 19 қыркүйекте жерленеді. Жерлеу рәсімі патшаның, бұрынғы және қазіргі үкімет мүшелерінің, сондай-ақ, басқа елдердің мемлекет басшылары мен делегацияларының қатысуымен өтеді. II Елизавета 8 қыркүйекте қайтыс болған еді.