Иесіз қалған үй Атырау тұрғындарының құтын қашырды

0
43

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бос тұрған көпқабатты үйдің терезелерінен кейде тастар мен ескі сантехника ұшып жатады, ішінде от та жанады екен

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Атырауда Құнанбаев көшесінде орналасқан апатты жағдайдағы бес қабатты жатақхана жергілікті тұрғындардың құтын қашырды. Бұл үй сүрілуі тиіс болатын. Оның тұрғындары былтыр желтоқсанда басқа үйге көшіріліпті, деп хабарлайды АTP Press.

Бірақ, қазір бос тұрған көпқабатты үй тұрғындардың үрейін тудырып отыр. Ғимараттың түрі де қорқынышты, бұған қоса, ол тұратын жері жоқ адамдардың сүйікті орнына айналды.

Әлеуметтік желіде видеоролик тарап, оның авторы үйдің жастар мен «бомждар» жиналатын жерге айналғанын айтады. Терезелерден тротуарға ескі сантехника тасталып жатады. Ал ауласында ашық құдықтар көп.

«Қайғылы оқиғаның болғанын күтіп отырған шығар», – дейді видео авторы.

Қорқынышты ғимаратқа жақын орналасқан үй тұрғындары түнде біреулер от жағатынын айтып, шағымданған. Атырау облысы әкімдігінің қызметкерлері видеоны көріп, бос ғимарат сүрілгенше, оған кіретін жолдарды жауап тастаймыз деп уәде беріпті.



sputniknews.kz