Иесі оларды жазалаудан бас тартты. Ақтауда қыздар дәмхананың есігін балғамен ұрып сындырды (видео)

0
880

7 шағын ауданда қыз балалар «Арабелла» дәмханасының есігінің әйнек бөлігін балғамен ұрып сындырды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бұл туралы ғимарат иесі хабарлады.

Оқиға 29 наурыз күні болған. Жасөспірімдердің әрекеті камераға түсіп қалған.

Дәмхана иесінің айтуынша, қыз балалар ұрлық жасап үлгермеген.

«Бұл мәселеге байланысты полицияға жүгінген жоқпыз. Қыздардың өмірін құртқымыз келмейді, бұзықтық жасады, өмірде әртүрлі жағдай болады ғой. Ата-аналары видеоны көріп, шығынды қалыпқа келтіруге көмектеседі деген үміттеміз», — дейді «Арабелла» иесі.