Риддерде зорланған қыздың анасы педофилді жазаламауды сұрады
Риддерде кішкентай қызды зорлаған педофил 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, сотталушыға химиялық кастрация жасау туралы шешім қабылданды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алайда, жәбірленушінің анасы соттан қылмыскерді жазаламауды сұраған. Ол бұл әрекетін азаматтың өтемақы өтегененімен түсіндірді.
Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы төрағасы Қайрат Шақпантаевтың хабарлауынша, кішкентай қызды зорлағаны үшін темір торға тоғытылған оның әкесі болып отыр.
Сот келіншектің өтінішін қабылдамай, үкімді өзгеріссіз қалдырды.