Иә, менің әкем істі болған — ҚР Экология министрі әкесі туралы бар шындықты айтты
ҚР Экология министрі Зүлфия Сүлейменова әлеуметтік желіде тарап кеткен жаңалыққа түсініктеме берді.
«Бұл жерде ақпаратты интернетте жарияламас бұрын, екі рет тексерген дұрыс еді», — деді министр.
«Мен тараған ақпарат өте көп екенін айттым, ол шындыққа жанаспайды. Әкеме қатысты айтатын болсақ, иә, ол істі болды, соттылығы жойылды, мен бұл фактіні Мемлекеттік қызметке кірген кезде жасырмадым, құжаттарда бұл көрсетілген», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бірқатар БАҚ министрдің әкесі Болат Сүлейменов 2011 жылы «ірі көлемде жасалған ұрлық» бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылғаны туралы ақпаратты жариялаған болатын. Болат Сүлейменовке жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Ақпарат: t.me/orda_kz
Фото: www.nur.kz