“Иә дедім»: Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей шаңырақ көтерді
Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей шаңырақ көтерді. Тіпті олар заңды некеге де тұрған, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Басылым мәліметінше, 72 жастағы Найля Нұриева ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан. Оларға орталықтан жеке бөлме де берілген.
«Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз салды, мен иә дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар», — дейді Найля Нұриева.
Қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар екен. Орталықта зейнеткерлерге қажетті барлық жағдай жасалған. Қариялар онда түрлі ем-дом алып, спорттық жаттығулар да жасай алады. Мұнда сонымен қатар, компьютермен жұмыс істеп, өз-өзін дамытуға да болады.
фото: otyrar.kz