І орын Жастар театрының еншісінде
Астана, BAQ.KZ. Бішкек қаласында өткен «Айтматов және театр-2018» халықаралық театр фестивалінде Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры Ш.Айтматов пен Ә.Кекілбаевтың «Шыңғысхан» әфсанасымен қатысып, «Үздік қойылым» номинациясы бойынша жүлделі І орын иесі атанды. Бұл туралы Жастар театрының баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл ауқымды фестивальде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Италия сынды мемлекеттермен қатар, Қазақстанның белгілі бірқатар өнер ордалары өнер көрсетті.
Айта кетейік, аталмыш қойылым 2010 жылы Орта Азия мемлекеттерінің III Халықаралық театрлар фестиваліне қатысып, «Үздік режиссура» және «Үздік Шыңғысхан рөлі» (актер Әділ Ахметов) аталымындағы жүлдеге лайық деп танылған болатын.
Сонымен қатар, 2016 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25 жылдығына орай, Белорусь Республикасының Брест қаласында ұйымдастырылған «Белая Вежа» ХХІ Халықаралық театрлар фестиваліне қатысып, «Ең әсерлі қойылым» («За зрелищное воплощение поэтических притчи») аталымындағы жүлдеге лайық деп танылды.
Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ