«I’m a singer Kazakhstan» байқауының жеңімпазы 50 млн теңге жеңіп алды

0

«I’m a singer Kazakhstan» байқауының екінші маусымында әнші Роман Ким жеңімпаз атанды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.

16 желтоқсан күні Роман Ким I’m a singer Kazakhstan 2018 байқауының гранд-финалында «Show must go on» әнін орындады. Сондай-ақ, ол әнші Әли Оқаповпен бірге Батырхан Шүкеновтың әйгілі «Қайран көңіл-ай» әнін шырқады.

Екінші болып Нұрболат Абдуллин орындаушы Ерген Айтымбетовпен бірге үнді тілінде дуэт орындаса, үшінші қатысушы — Ayree әнші Арай Айдарханмен бірге қазақ тіліндегі «Құсни Қорлан» әнін әуелетті.

Жексенбі күні болған байқаудың ақтық сынында «Еуровидение-2016» жобасының жеңімпазы — Жамала (Украина) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қазақ тілінде «Самға» әнін орындап берді.