ХЖҚО мемлекеттік қызметкерлері «AMANAT» партиясының депутатын ауыр соққыға жықты

0

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында халықты жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік қызметшілері «AMANAT» партиясының 27 жастағы депутаты Бекболат Бердаланы ұрып-соққан. ҚР ҚК 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде, — деп хабарлайды egovpress телеграм-арналына сілтеме жасап.

Басты себеп, депутаттың айтуынша, өзекті проблемаларды үнемі қозғайтын әрекетімен байланыстырады.

Оқиға табиғат аясында орын алған. 7 жігітпен демалуға шыққан. Оның төртеуі жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, депутаттың досы мен туыс інісі. Әңгіме «Сен проблемаларды ашық айта бересің, қорықпайсың ба?» деген сауалдан басталған көрінеді.

Інісі екеуін соққыға алып, тіпті пышақтап тастаған. Оған травматикалық шок пен мидың І-дәрежелі жарақаты, сонымен қатар төменгі жақ сүйегінің ашық сынуы диагнозы қойылған. Тағы екі рет пышақ сұғылған. Қазір денсаулығы бірқалыпты. Депутат 6 қазан күні ауруханадан шығарылды.

фото: ашық дерек көздерінен