Храпунов ісі: АҚШ соты шешім шығарды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Сотта Ильяс Храпунов өзінің АҚШ-тағы мәмілелер туралы ақпаратты жасыруға қатысы жоқ екенін дәлелдей алмады

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. АҚШ федералды соты Ильяс пен Виктор Храпуновқа қатысты үкім шығарды.

Елден қашып кеткен Виктор Храпуновтың ұлы Ильясқа АҚШ-тағы жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты жасыруға тырысқаны үшін айып тағылғаны жөніндег қаңтар айында мәлім болған еді.

«Алматы қаласының әкімдігі мен БТА Банкі сотталушылардан талапкерлердің талаптарын растайтын мәліметтерді жариялауды талап етті. Сот тараптардың ұстанымын зерттей келе, Ілияс пен Виктор Храпунов сотпен «мысық пен тышқан ойынын» әдейі ұйымдастырды және олардың мінез-құлқы жазалануға лайық деп тапты. Сондай-ақ Ильястың жоғалған электрондық хаттар туралы сылтаулары ақылға қонымсыз деп санады», – делінген әділет министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін де сот тарапынан Мұхтар Әбілязовтің осыған ұқсас іс-әрекетін заңға қайшы деп танылғані. Ол кезде Әбілязов дәлелдемелерді әшкерелеу процедурасының барысында құжаттарды ұсына алмады.

Америкалық сот Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банктің талап-арыздарына тікелей қатысы бар белгілі ақпарат Храпуновтардың есінде жоқ екендігі туралы мәлімдемелері жалған әрі Ильяс тиісті айғақтарды жойған деп тұжырымдады.

Судья Ильяс пен Виктор Храпуновтарға Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банк заңгерлеріне кеткен шығындарын төлеуді бұйырды.

«Сонымен қатар, сот Храпуновтардың бұдан былай белгілі дәлелдемелерді ұсыну құқығы жоқ деп шешті. Алқабилер соты Ильястың дәлелдемелерді әдейі жойғандығы және жойылған дәлелдемелер мәлімделген талап-арыздарды қолдайтын еді деген нұсқау беріледі деп қаулы етті. Бұған дейін, сот Мұхтар Әбілязовке қатысты алқа билерге дәл осындай нұсқау берілетіндігі туралы қаулы еткен еді», – делінген хабарламада.

Одан бөлек, Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банктің Феликс Сатерге қарсы қатар жүріп жатқан сот процесінде де сот талапкерлердің пайдасына шешім қабылдады. Жауап алу барысында Сатер Храпуновтар мен Әбілязовтің Алматы қаласында тыңшылары бар екендігі және оның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнуі мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

Сот өзінің шешімінде Әбілязовтің 2018 жылы Қазақстанда БТА Банктің бұрынғы бысшысын өлтіргені және көптеген басқа да қылмыстар үшін сотталғандығын ескере отырып, Сатердің қорқынышы сенуге тұрарлық екендігін атап өтті.

Қазақстандағы Храпуновтар отбасына қатысты сот ісі

2018 жылдың қазан айында Алматыда бұрынғы әкім Виктор Храпунов пен пен оның жұбайы Лейланың үстінен сырттай сот отырысы өтті.

Виктор Храпунов ұйымдасқан қылмыстық топ құруға және оны басқарып, алаяқтығы мен пара алғаны үшін, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп және жымқырғаны, сондай-ақ қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оны 17 жылға бас бостандығынан айырып, қауіпсіздігі жоғары колонияда жазасын өтеуге үкім шығарды. Сондай-ақ, дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: Бас прокурор Еуропарламент депутаттарын шетелде қашып жүргендер туралы хабардар етті

Лейла Храпунова да өзіне тағылған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға сотталды. Оның туған әпкесінің күйеуі Айяр Ильясов та алаяқтық әрекеті үшін бес жылға сотталды.

Қазіргі кезде ерлі-зайыпты Храпуновтар саяси себептермен қудаланудамыз деп мәлімдеп, Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып жүр.



sputniknews.kz