Хоккейден ұлттық құрамасының ойыншысы коронавирутан қайтыс болды

«Алматы» хоккей клубының жаттықтырушысы Евгений Пупков 46 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды клубтың Instagram парақшасында.
Shaiba.kz сайтының хабарлауынша, Пупков коронавирустың салдарынан қайтыс болған.
2021/2022 жылғы маусымға Евгений Пупков аға жаттықтырушы ретінде «Алматы» ХК-ға шақырылды.
Евгений Пупков 1976 жылы 18 қаңтарда Риддер қаласында дүниеге келген, Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Қазақстан құрамасының құрамында 2006 жылы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті.
Ол «Торпедо» (Өскемен), «Металлург» (Новокузнецк), СКА (Санкт-Петербург), «Амур» (Хабаровск), «Лада» (Тольятти), «Автомобилист» (Екатеринбург), »клубтарында ойнады.