Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы элитада қалды

0

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының элита дивизионындағы орнын сақтап қалды. Турнирдің екі аутсайдер командасы Қазақстан мен Дания 4 қаңтарда Ванкуверде (Канада) әлем чемпионатында қалу құқығы үшін екінші рет кездесті. Ойында Қазақстан құрамасы 4:0 есебімен жеңіске жетті. Саян Данияр, Давид Макутский бір-бір шайбадан, Артур Гатияров екі шайба салды.

2 қаңтардағы алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Даниядан 4:3 есебімен басым түскен. Екі матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан келер жылы Чехияда өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Ал Дания әлем чемпионатының бірінші дивизионына сырғиды. Оның орнын төменгі дивизоинда жеңі Германия басады.

Канадағы әлем чемпионатында Қазақстан В тобында ойнап, Финляндиядан 5:0, АҚШ-тан 8:2, Словакиядан 11:2, Швециядан 4:1 есебімен жеңілген.

Дереккөз: Азаттық