«Хюррем сұлтанға ұқсайсыз»: Актриса Әсел Асқар имиджін түбегейлі өзгертіп тастады (фото, видео)

0
Отандық танымал актриса әрі блогер Әсел Асқар имиджін түбегейлі өзгертіп, жанкүйерлерін таңғалдырды. Өнер иесі жаңа образын әлеуметтік желіде паш еткен, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Әсел Асқар имиджіне енгізген өзгерісін Instagram парақшасында көрсетті. Желі жұлдызы шашын басқа түске бояп тастаған. «Өзгерісім қалай болды? Маған өте қатты ұнады. Әрбір 3-4 жылда мен имиджімді түбегейлі өзгертіп тұрамын. Маған жаңа әсер, жаңа леп керек. Мен өзімнің қолайлы ортамнын шығып, өзіммен қайта танысамын. Өзгерген сайын мен өзіме ғашық бола берем. Өмір онсызда қысқа. Жастық шақ пен сұлулықты бағалау керек. Қазір өзгермегенде қашан өзгереміз? Жарасады ма?», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары актрисаның өзгерісін қызу талқылап, оған өз бағасын беріп жатты. Қалың көпшілік оны «Ғаламат ғасыр» телехикаясындағы әйгілі Хюррем-сұлтанға ұқсатуда. «Бұдан да зор өзгерісті күттік. Бірақ түсі жақсы шығыпты. Нағыз Хюррем секілді болып қалыпсыз», «Сіз қазақтың Хюррем-сұлтаны болып шыға келдіңіз», «Керемет. Сізге жарасып тұр», «Мына түспен әлдеқайда ажарлана түсіпсіз», «Маған да ұнап тұр. Тура осылай бояп аламын», — деп жазуда оқырмандар.