«Хит» боламыз деп «ит» болды. Асхат Тарғын бастаған бір топ әншіні алдаған «композитор» ұсталды
Жалған композиторды Алматы полициясы ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
“Азаматтардың өтінішінен көрініп тұрғандай, ер адам өзінің композитор екенін мәлімдеген. Және біреудің туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатқан. Күдікті ұсталды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда,” – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Бұған дейін
Қазақ эстрадасының топ әншісі жалған композиторға алдандық деп шу шығарған еді. Айтуларынша, өзін ақын, сазгермін деп таныстарған азамат бұрыннан айтылып жүрген бір дайын әнді 10 адамға сатып, жұлдыздарды ұятқа қалдырған.
Қазақ эстрадасының өкілдерін сан соқтырған азаматтың есімі Жақсылық Ыбырай дейді алданған әншілер. Ол басында әншілерге хит болатын туындыларын сатқан. Бірақ қазір өнер адамдарды сол сазгердің өзін таппай жүр екен. Жалпы 100-ге жуық адам тақырға отырыпты.
“Қысқасы шоу-бизнесте бір алаяқ жүр. Оның есімі — Жақсылық Ыбырай. Қалай алдандым? Ол маған өзі шықты, сөзін жіберді, әнін жіберді, демо версиясын. Сөйтсем, ол ақын да емес, композитор да емес. Ешқандай да өнер адамы емес. Жай ғана ауадан ақша жасап жүрген адам екен. 10 шақты ән. Сол 10 әнді айналыдырып-айналдырып, бүкіл Қазақстанның әншілеріне сатып жатыр,”- дейді Перизат Алпыс есімді әнші.
Әншілердің айтуынша, оның ауадан ақша жасау тәсілі мынадай: өнер адамдарына өзін «сырлы сазгер», «ақиық ақынмын» деп таныстырып, кейін дайын әндерін жібереді екен. Бағасы арзан болғасын, бірден сатылады. Бірақ түбінде ол туынды өзге адамға тиесілі болып шығады.