Хиджаб киген Сиви Махмуди көпшіліктің қызу талқысына түсті

0

Қазақстандық әнші Сиви Махмуди хиджаб киіп, әлеуметтік желідегі оқырмандарын таңқалдырды. Желі қолданушылары өнер иесінің жаңа образына түрлі пікір қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Менің бүгінгі образым қалай?», — деп сұрады әнші Instagram желісінде оқырмандарынан. Алайда әншінің жаңа образына байланысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Бір топ желі қолданушылары Сиви Махмудиге хиджабтың жарасатынын жазған.

«Сізге жарасады», «Өте әдемі», «Енді шешпеңіз», — деді желі қолданушылар. Ал желі қолданушыларының екінші бөлігі Сиви Махмудидің хиджаб кигенін қолдамады. «Хиджаб қызық үшін емес», «Барлық әртістер хиджабты сәнге айналдырды», «Өзіңмен-өзің болғаның дұрыс», «Бастысы хиджаб кию емес, таза ниет», «Орамал мазаққа айналды», «Әншілердің бәрі орамалға оранса, беттегі бояу мен тырнақты да құрту керек», — деді желідегілердің екінші бөлігі.