«ХІ Қысқы қайырымдылылық бал-маскарад»-қа Илья Ильин өз формасын сыйлады 

0

Фото: Автор

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада аутизм дертіне шалдыққан және басқа да ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамту бағдарламасын қолдау мақсатында өткізілетін «ХІ Қысқы қайырымдылылық бал-маскарад» тақырыбында баспасөз маслихаты өтті.

Мұқтаж балалардың сапалы білім алу және талантты жастарды қолдау мәселеріне қоғамның назарын аудару мақсатында «Болашақ» қоры жыл сайын қысқы қайырымдылық балын өткізіп келеді.

«Біз үшін өте маңызды іс-шара туралы айтуға өте қуаныштымын. «Болашақ» қоры пайда болғаннан бастап осы жобамен айналысып жатқанымызға 8 жыл болды, 8 желтоқсанда өтетін балл реті бойынша он бірінші шара. Біздің қор бірнеше жобамен жұмыс істейді, соның ішінде жүрегіме ең жақыны «Әр бала мектепке лайық» бағдарламасы. Осы жоба бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына арналған кабинеттер жасадық. Бұл біздің былтырғы жұмыс және ең жемісті жыл деп айта аламын. Себебі тарихымызда болмаған қаражат жиналды нақты айтатын болсам 118 млн болды. Қазіргі таңда 9 қаламен жұмыс жасап, 20 мектеп ашып осы балалардың білім алуына жағдай жасаудамыз. Мамандардың жетіспеуіне байланысты шет елдерден кәсіби ұстаздар шақырттық» — дейді «Болашақ» қорының директоры Динара Чайжунксова

Осы баллдың тағы бір ерекшелігі қайырымдылық аукцион өтеді. Онда жыл сайын әртүрлі заттар сатылады. Осы жылы Илья Ильин өз үлесін қосып 2015 жылы Грозныйда киген формасын сыйлады.

«Мен осындай шараға өз үлесімді қосуға мүмкіндігім барына өте қатты қуаныштымын. Осы мүмкіндікті естігенде көп ойландым, ең бірінші ойыма бала кезімдегі медальдар түсті. Бірақ ойлана келе осы форманы беруге бел будым. Біз жарысқа бара жатқанда арнайы форма тіктіреміз. Ол тікелей туды көтеруге өз септігін тигізеді. Мұндай форманың 3 данасы бар. Біріншісі, Президенттің мұражайында тұр. Мен оны Қазақстанға ең алғашқы рекордты алып келгенде Елбасына сыйлаған болатынмын. Екіншісін жеңістен кейін Алматы қаласында жоғалтып алдым, ал үшіншісі — соңғысын осы қайырымдылық акциясына қуана-қуана сыйлап отырмын. Бұл формамен мен әлемдік рекордты жаңарттым. Менен кейін оны ешкім жаңарта алмайды, себебі қазір категориясы өзгеріп, ережелері ауысты. Біздің еліміздің пайдасына жарайды деп ойлаймын» — дейді чемпион.

Аукционда Илья Ильиннің формасынан басқа, тарихи кілемі, Францияның балауыз шамы тағы да тарихы бар және өте құнды дүниелер қойылды.

Фото:Автор














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ