ХҒС ғарышкерлері Sputnik оқырмандарымен байланысқа шығады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ғарыш зерттеушілері РИА Новости мен Sputnik оқырмандарының Жер орбитасына жолдаған 400 сұрағының кейбіріне жауап береді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Ресейлік ғарышкерлер Олег Скрипочка мен Александр Скворцов халықаралық ғарыш станциясымен тікелей видеобайланыс барысында РИА Новости мен Sputnik оқырмандарының сұрақтарына жауап береді.

Видеокөпір 4 қазанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.00 Мәскеудегі «Россия сегодня» баспасөз орталығында «Россия сегодня» ХАА-ның ғарышкерлер жасағын іріктеуді қолдау жөніндегі арнайы жобасын іске қосуға арналған баспасөз конференциясы аясында өтеді.

Бұл баспасөз конференциясына өткен жылдары кіру сынақтарынан өткен болашақ ғарышкерлер де қатысады. Олар іріктеу бағдарламасына қалай қатысқандары жайлы айтып беріп, жаңадан келгендерге сәттілік тілейді.

 РИА Новости мен Sputnik оқырмандары халықаралық ғарыш станциясына 400-ден астам сұрақ жолдады. Ғарышкерлер орбитадан олардың ең қызықтыларына жауап береді.

Мысалы, оқырмандардың бірі Екатерина Мясникова ғарышкерлерден жеке заттарды (кітап, фотосурет, хат) ХҒС-қа алып баруға бола ма деп сұрады. Тағы бір оқырман Либадо Монрой Ортега микрогравитацияға бой үйретуге қанша уақыт кететінін білгісі келген.

Сол күні «Россия сегодня» агенттігі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, ғарышкерлер жасағына іріктеуді қолдауға арналған арнайы жобаны іске қосады.

 Ria.ru/vkosmos/-тағы арнайы жобада ғарыш туралы ең маңызды және қызықты деректер айтылады. Арнайы жоба парақшасына кірушілер ғарышкерлер жасағына кіре ала ма, жоқ па, біле алады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз