Хатшысына қырындаған: Жоғалып кеткен Сеул мэрі өлі табылды

0

9 шілдеде ес-түссіз жоғалып кеткен Сеул мэрі Пак Вон Сун бірнеше сағаттан соң өлі табылды.

Бейсенбі күні полиция Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул мэрінің денесін тапты. 64 жастағы Пак Вон Сунның жоғалып кеткені туралы бейсенбі күні кешке мэрдің қызы хабарлаған. Оның айтуынша, әкесі үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Ол қызына хат та қалдырып кеткен. Оны көргеннен кейін бірден полиция шақырған. Қала әкімшілігінен Associated Press агенттігіне хабарлағандай, Пак Вон Сун бейсенбі күні жұмысқа келмеген.

Осыған байланысты оның қатысуы тиіс болған барлық жиналыстар мен іс-шаралар кейінге қалдырылған. Дереккөз мәліметінше, оның денесі резиденциясының маңынан табылған. Өзімен бірге сөмкесі, су, ұялы телефон, құжаттары болған.

Полицейлер мэрдің денесінен ешқандай зорлық белгілерін байқамаған. Алдын ала мәлімет бойынша, Пак Вон Сун өз-өзіне қол жұмсаған. Өлімнің нақты себебін сараптама көрсетеді дейді.

Дереккөздердің мәліметінше ол өз хатшысына қырындап, онысы әшкере болып қалған.

ktk.kz