«Ханның қызы» атанған Гүлшара Әбдіхалықованың айлығы қанша

0

ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты kaz.nur.kz порталына сілтеме жасап.

Облыс әкімінің сөзінше, биыл айлығы айтарлықтай өскен.

«Менің жалақым 986 мың теңге деп бекітілген. Биыл факторлық-балдық жүйе бойынша 1,9-ға арттыру туралы шешім қабылданды. Бірақ мен 2 жылдай еңбек демалысын алмағандықтан, бірден еңбек демалысын алдым. Қазір соңғы жалақым 986 мыңды 1,9-ға көбейтсек, шамамен 1,8 млн теңге», — дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы қанша екенін хабарлаған едік.