«Халықтың сүйіктісі» сыйлығының иегерлері анықталды

0

Астана, BAQ.KZ. Дәстүрлі «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Күні кеше ғана «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының иегерлері анықталды. Аталмыш сыйлықта «Жылдың үздік ақпараттық интернет басылымы» атанған «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі ұжымын құттықтаймыз», — деді Ғалым Байтоқ ҚазАқпарат тілшісіне.

«Халықтың сүйіктісі-2018» Ұлттық сыйлығы жеңімпаздарының тізімі төмендегідей:

№1 номинация — «Жылдың үздік дәрігері»: Тоқан Сұлтанәлиев Тоқан, Астана қаласының Ұлттық онкология және транспланталогия ғылыми орталығының бас хирургы.

№2 номинация — «Жылдың үздік мұғалімі»: Ербол Іргебай, «Оқушылар сарайы» директоры.

№3 номинация — «Жылдың үздік спортшысы»: Александр Колядин, Пхенчхандағы қысқы паралимпиада чемпионы.

№4 номинация — «Жылдың үздік спортшы қызы»: Зүлфия Ғабидуллина, 2016 жылғы паралимпиаданың алтын медаль иегері, 2018 жылғы паралимпиадашылардың арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы.

№5 номинация — «Жылдың үздік парламентарийі»: Бақытжан Жұмагұлов, ҚР Парламент Сенатының депутаты.

№6 номинация — «Жылдың үздік тележүргізушісі»: Ләйлә Сұлтанқызы, Жетінші арна.

№7 номинация — «Жылдың үздік публицисі»: Ислам Кураев, time.kz.

№8 номинация — «Жылдың үздік мәдени қайраткері»: Бақытжан Әшірбаев, белгілі сәулетші, ақын, кинематографист, Шымкент қаласы.

№9 номинация — «Жылдың үздік ақпараттық интернет басылымы»: «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.

№10 номинациясы — «Жылдың үздік блог саласының көшбасшысы»: Қазыбек Фрейдман, Twitter, Facebook.

№11 номинация — «Жылдың үздік фермері»: Алмат Тұрсынов, «ТПК Қарасу» ЖШС бас директоры, Қостанай облысы, сонымен бірге Болатбек Әлиев, «Dala Frukt» компаниясының негізін қалаушы, Түркістан облысы.

№12 номинация — «Жылдың үздік кәсіпкері»: Қайрат Маишев, «Жас Қанат 2006» ЖШС бас директоры, Қостанай облысы, сонымен бірге Дмитрий Шарапаев, «Радуга» ЖШС бас директоры, СҚО.

№13 номинация — «Жылдың FASHION қайраткері»: Малика Дүйсенбаева, дизайнер, модельер.

№14 номинация — «Жылдың үздік қоғам қайраткері»: Ерлан Саиров, қоғам қайраткері.

№15 номинация — «Жылдың үздік вайнері»: Мейіржан Төребаев (патруль, тіркеуші).














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ