Халықтың қос сүйіктісі: Бесбаев пен Жүнісова бірігіп клип түсірді (видео) — Қазақстан жаңалықтары

Халықтың қос сүйіктісі Мақпал Жүнісова мен Мейрамбек Бесбаев бірігіп бейнебаян түсірді. «Өмір» атты сырлы да мағыналы туындының сазын — Ербол Ақбасов, ал сөзін Қалқаман Сарин жазған, деп хабарлайды Stan.kz.
Бейнебаянның режиссері — Жеңісхан Момышев.
Мақпал Жүнісова мен Мейрамбек Бесбаев аталған клипті музыкалық телеарналарға әзірге бермеген. Жұлдызды жұптың ортақ туындысы YouTube-тегі арналардың бірінде жарияланды. Сондықтан болар, қаралым саны көңіл қуантпайды. Небәрі — 14 мыңнан асады.
Әйткенмен елі сүйетін қос өнерпаз үшін көрсеткіш — басты мақсат емес. Бастысы, халық екеуін де арзан атақ пен хайп үшін емес, шынайы өнері үшін жақсы көреді.
stan.kz