Халықтың ауыр жағдайын суретке түсірген қытайлық фотограф ұшты-күйлі жоғалып кетті (ФОТО)

Қытайдың түпкір-түпкіріндегі халықтың ауыр жағдайын суретке түсіріп, билікке жеткізетін Лу Гуан есімді фотограф із-түзсіз жоғалып кеткен. Бірнеше рет үздік деп табылған фотографты жақындары оны бір айдан бері таппай жатыр деп жазады ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Лу Гуанның жұмысы. Фото:ofigenno.com
Синьцзян провинциясында өтетін жәрмеңкеге арнайы шақырту алған Лу Гуан сол кештен кейін жоғалып кеткен.

Лу Гуанның жұмысы. Фото:ofigenno.com
Фотографтың жоғалғаны жайлы хабарламаны оның әйелі Сюй Сяоли таратқан.

Лу Гуанның жұмысы. Фото:ofigenno.com
Оның айтуынша, Лу Гуан 3 қарашадан бері байланысқа шықпаған.

Лу Гуанның жұмысы. Фото:ofigenno.com
Осы шудан кейін Лу Гуанды Қытайдың арнайы қызметі ұстап алғаны анықталды. Оның қамалуына фотографтың түсірген суреттері себеп болған.

Лу Гуанның жұмысы. Фото:ofigenno.com
Айта кетейік, Лу Гуанның объективіне елдегі нашақорлық пен жоқшылық, экологиялық мәселелер, ауру балалар іліккен.

Лу Гуанның жұмысы. Фото:ofigenno.com