«Халықтың алдында жауап беру керек»: Тимур Кулибаев қайда?

0
5753

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Жаңаөзендегі көтеріліске байланысты ойын айтты.

«Мұнай саланың мекемелері жаппай ереуіл бастапты. 20 жыл бойы нақты бұл саланы басқарып отырған Kazenergy ұйымның төрағасы Тимур Кулибаев мырза қайда?

Үкіметтің әр шешіміне үлес қосып жүрген НПП Атамекен басшысы Абылай Мырзахметов қайда? Ықпалды азаматтардың жауапкершілік деген ұғым болуы керек қой?

Халық жаппай көшеге шығып жатыр. Бізге халық сайлауда 80% дауыс берген деп айтқан Нұротанның 1-шы орынбасары Бауыржан Байбек мырза қайда?

Халықтың жағдайы әбден нашарлап кетті. Экономика министрі Иргалиев балақай қайда жүр?

Осы төртеуі қазіргі жағдайда үнсіз отырмай Маңғыстауға барып халықтың алдында жауап беру керек деп санаймын!», — деп жазды ол.