Халықтың алдында ашық жұмыс істеп жатырмын – Роман Скляр

1

Үкімет үйінде Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр утилизациялық алымға байланысты журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Роман Скляр қазақша қойылған сұраққа ұғынықты түрде қазақша жауап беріп, талай шенеунікке үлгі болды.

– Халықтың алдында ашық еңбек істеп жатырмын. Егер менен қателік кетсе, жауап беруге дайынмын. Бірақ бүгінде біз не өнеркәсібі бар, не өнеркәсібі жоқ ел боламыз. Мені осы мазалайды, – деді вице-премьер.

Қазақстан үкіметі өнеркәсібі өрге домалаған елдердің қатарына қосылу үшін қыруар жұмыс атқарып жатыр. Алайда мұндай жетістікке бірден жете қою қиын. Оның үстіне тұрғындар да экономиканың тез қарыштауын талап етіп, тиісті басшыларды сынға алып жатса.

Роман Скляр мұнайға байланудың қажеті жоқ екенін түсіндірді.

– Біздің елде кейбір саясаттанушылар қоғамдық сананы шебер түрде манипуляциялайды. Мүмкін олардың жұмысы сол шығар. Бірақ біз неге мұндайға еруіміз керек? Егер біз өз елімізді өнеркәсібі дамыған елдер қатарынан көргіміз келсе, онда бос ұрандарға жол бермеуіміз керек, – деді вице-премьер.

Естеріңізде болса қаңтардағы дүрбелең кезінде халық утилизациялық алымды алып тастауды талап етті. Себебі оның көлемі тұрғындардың қалтасына ауыр тиетіні айтылды.

Алайда бұл жолдың тиімсіз екенін жеткізген Роман Скляр «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында утилалымның 50 пайызға қысқартқанын, сондай-ақ 4 пайызбен алғашқы жарнасыз автонесие берілетінін айтқан болатын.