«Халықты тонауды қоймапты»: Айнұр Тұрсынбаева желілік маркетинг компаниясын ашты
Бұл туралы Балғынбек Имашeв мәлімдеді. Ол компанияның құрылтайшылары Тұрсынбаеваның бір туған бауырлары екенін жариялады.
«Тұңғыш Отандық желілік “SAAD” компаниясының құрылтайшылары — бір туған бауырлар Дархан, Ардақ, Айнұр! Бүгін үлкен оқиға: Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайында жаңа компанияның тұсаукесері өтуде. Ата-анасын шығарып батасын алуы, Алатау Серілерінің рухты әнімен кештің басталуы сондай орынды әрі тағылымды болды. Тамара Асардың әндері осы кештің шырайы, сәні мен салтанаты болды. СААД компаниясы — мыңдаған адамдарға табыс көзі, жүзмыңдаған адамдарға сапалы өнім, миллиондарға денсаулық пен сұлулық сыйлайтын мүмкіндік деп сенеміз. Экономикамызға пайдалы, яғни, миллиардтаған долларлар шетке кетпейді, керісінше, сырттан үлкен қаржылардың құюлуына себеп болмақ.
Қазақтың екі мықты қызы — Ардақ пен Айнұр бірігіп Дархан бауырын қолдаса, бұл үштіктің алмайтын асуы, қопармайтын тауы қалмайды деп сенем. Алла жар болсын, Айнұр досым! Мен сенің әр бастамаңа тілекші әрі қолдаушымын!», — деп жазды ол.
Тұрсынбаевның өзі оқырмандарын желілік маркетинг компаниясына тіркелуге шақырып жатыр.
«Позор болып басқа елдің сетевойында жүрмейік…Тұңғыш қазақтың классикалық маркетингпен құрылған компанияға тіркелу басталды», — дейді ол.
фото: sn.kz