Халыққа тиесілі жерлерді тартып алу басталды: Назарбаев дәуірі бітті ме?
«Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы» хабарлауынша, Астанадағы «Тимур Құлыбаев атындағы арал» тәркіленді, деп жазады kznews.kz сайты «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.
Құжаттарды тексеру барысында жер 1993 жылы Болат Әбішұлы Назарбаевтың атына беріліп, кейін 2014 жылы ұлы Нұрбол Болатұлы Назарбаевтың (1983 жылы туған) атына ресімделген.
Биыл 28 қаңтарда Болат Назарбаев жерді қызы Құндыз Болатқызы Назарбаеваның (1976 жылы туған) атына ресімдеуге тырысқан. Алайда 2022 жылдың 07 ақпанында бұл учаскенің меншік құқығы жойылған.