Халыққа қызмет көрсету орталықтарында анықтама ақшаға сатылып келген

0

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында анықтама, басқа да әр түрлі қызметтер ақшаға сатылып келген, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақысын берсең, анықтама дайын! Ішкі істер министрлігі Алматы, Шымкент, Түркістан, Павлодар мен Талдықорғандағы халыққа қызмет көрсету орталықтарын тексеріп, біраз былықты әшкереледі.

Сөйтсе, орталыққа келушілерді есік алдынан ұстап, ақшаға шаруасын кезексіз демде шешіп беріп отырған. Өздерін орталық мамандарының көмекшісі ретінде таныстырғандар расымен де мекеме қызметкерлерінің таныстары болып шықты. Мәселен, Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету оорталығында ұсталған пысықай 60 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алып беруге келіскен.

Нұрділдә Ораз, ІІМ ресми өкілі:

— Делдалдардың келушілерді алдап ақша алуына қатысты жыл басынан бері 6 оқиға тіркелген. Қазір барлық анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылуда.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz