Халыққа қызмет көрсету орталықтары қашан ашылады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Асқар Жұмағалиев елде халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындарды қай уақытта қабылдай бастайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу туралы шешімді мемлекеттік комиссияның жедел штабы қабылдайды. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында министрге орталықтар қашан ашылады деген сауал қойылды. Өйткені қазақстандықтардың біразы үшін қызметті онлайн түрде алу ыңғайсыз болып отыр.  

«Қазіргі жағдайда бұл маған қойылатын сауал емес. Мемлекеттік комиссияның жедел штабы бар, сол штаб шешеді. Қауіпсіз болып, рұқсат берген кезде жұмысқа кірісеміз», — деді Асқар Жұмағалиев.

Ведомство басшысы министрлік қызметкерлері мемлекеттік қызметті алудың автоматтандырылған тәсілінсақтауға барынша тырысатынын айтты. Бұл «ЦОН»-дарға баратын адамдардың санын мейлінше азайтуға бағытталған. 

Еске сала кетсек, астанада 21 наурыз — 16  сәуір аралығында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Барлық қызметті онлайн алу мүмкіндігін қамтамасыз ету тапсырылды. 



sputniknews.kz