«Халыққа қызмет етпеймін!» деп шамданған полицейді жұрт жерден алып, жерге салды (видео)

0

Әлеуметтік желіде өзінің халыққа қызмет етпейтінін айтқан полицейдің видеосы қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған видео Instagram желісіндегі interpol_kz парақшасында жарияланды.

Видеоның қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Желі қолданушылары оның осыдан бір жыл бұрын түсірілгенін айтады.

Бейнежазбада диалог төмендегідей жүзеге асады:

— Тоқтата бермей приказыңды көрсетсейші.

—Мен сізге көрсетуге міндетті емеспін, міндетті болсам, көрсетемін ғой.

— Міндеттісің! Халыққа қызмет етесің!

—Халыққа қызмет етпеймін. Халыққа қызмет етпеймін. Қателеспесеңіз. Халыққа қызмет етпеймін.

—Кімге қызмет етесің? Жұмысқа не үшін кірдің? Кімге қызмет көрсету үшін кірдің? Или мыналарды тоқтатып, штраф салу үшін кірдің бе?

Аталған видеоға қатысты әлеуметтік қызметкерлердің видеосы екіге жарылды. Бірі жүргізушінің әрекетін теріс десе, енді екіншілері полицейді жерден алып, жерге салды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сетевое издание «INTERPOL.KZ» (@interpol_kz)

«Видео түсіріп тұрған адам дұрыс емес. Ол мінезімен алысқа бармайды. Сыпайылық қайда?», «Қызметте тұрған адамға жекіп сөйлеуге қақысы жоқ», «Шындықты байқамай айтып қойды ғой мына ешкі», «Депутаттарға қарағанда алдамайды екен», «Қалтасына қызмет етеді», «Жұмыстан шығару керек!» деп жазды олар.