Халыққа көмектесу керектігін түсінуге бастықсыақтардың санасы жетпейді — депутат — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов елдегі жетекшілерді сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының «Халық қызметшілері» бағдарламасына сілтеме жасап. 

«1 маусымнан бастап жалақының көтерілетіні туралы айтылып жатыр. Жаңа президент өзінің нақты тапсырмаларын беруде. Біз осының барлығының қалай жүзеге асатынын және ақшаның қайда жұмсалатынын бақылауымыз керек. Әйтпесе, бізде бюрократияға салынып, әркім өзінің маңызды адам екенін көрсетуге тырысады. Тіпті, көмектесудің орнына қысым көрсетіп, өзіне тәуелді етіп қояды. Ондай адамдар жанымызда жүр», — дейді Қуаныш Сұлтанов. 

Әрі қарай елде жетекшілердің өз жұмысын дұрыс атқармайтынына тоқталды. Осы орайда ол мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттың халыққа дұрыс жетуі керектігіне тоқталды.

«Бюрократияға салынбай, адамға бір нәрсе беріп, көмектесуге тырысу керек. Жоғарыда айтылған сауалдар бірден орнында шешілуі тиіс. Осы нәрсеге бастықсымақтардың санасы жетпейді. Кейбір жетекшілер қоластындағылардың алдына тізерлеп келгенін қалайды. Қарсы сөз айта қалса, жұмыстан шығарып жіберуге дайын. Бұл аурудан құтылуымыз керек», — дейді шенеунік. 

Сондай-ақ, ол 2019 жылы 9 маусымда өтетін президент сайлауына партиялардың кандидат ұсынуға дайындалып жатқанын айтты. Жуырда танымал партиялардың басшылары бас қосып, мәселені талқылаған болатын. Осы орайда Қуаныш Сұлтанов партиялардың өзге әріптестерге, өзге партиядағы әріптеске қолдау білдіруге құқығы бар екеніне тоқталды. 

 

stan.kz