Халықаралық валюта қорының басшысы Өзбекстанға 10 жылдан бері алғаш рет келмек

0

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард мамыр айының ортасында Өзбекстанда сапарлап келгелі жатыр. Бұл туралы сәрсенбі күні, 17 сәуірде Өзбекстан орталық банкінің өкіліне сілтеп, РИА «Новости» агенттігі хабарлады. «ХВҚ басқарушы директорының сапары мамырдың ортасына жоспарланған» деп мәлімдеді Өзбекстан орталық банкінің өкілі. Оның сөзінше, қос тарап Өзбекстан билігімен екі жақты серіктестік туралы талқыламақ.

Бұл Халықаралық валюта қоры басшысының соңғы он жылда Өзбекстанға жасаған алғашқы сапары болмақ. 2009 жылы Ташкентке қордың сол кездегі директоры Доминик Стросс-Кан келген.

2017 жылы қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Кристин Лагард Нью-Йоркте кездесіп, Ташкенттің валюта реформасына техникалық қолдау көрсету жайын талқылаған. Кездесуде мемлекет бюджетінің табысын арттыру, банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сыртқы сауда саясатын либерализациялау, сондай-ақ мемлекеттік статистика мен салық саласын реформалау сияқты мәселелер сөз болған.

Таяуда Өзбекстан мемлекеттік салық комитетіне Халықаралық валюта қорынан тұрақты кеңесші тағайындалғаны хабарланды. Кеңесші комитет пен қаржы министрлігіне 2019-2023 жылдарға арналған салық реформасының стратегиясын әзірлеуге және енгізуге көмектеседі.

Azattyq