Халықаралық сарапшылар Қазақстан экономикасының өсуін күтіп отыр

0

S&P халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредит рейтингін «ВВВ» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады.

2019 жылғы 8 наурызда S&P халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредит рейтингін «ВВВ» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі фактор — мемлекеттің мықты балансы, сондай-ақ 2022 жылға дейінгі сарапшылардың болжамындағы сыртқы қарыздан асатын өтімді активтер.

Сарапшылар 2019-2022 жылдары экономикалық белсенділіктің орташа есеппен 3% деңгейінде өсуін болжап отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламаларға және өндіруші саланың өсуіне байланысты.

Сондай-ақ, S&P сарапшыларының болжамы бойынша, жаңа салық кодексінің арқасында мемлекеттік кіріс біртіндеп артады. Салық кодексі теңгерімсіздікті азайтып, салық базасын ұлғайта және қазынаның шоғырлануына ықпал ете отырып, ерекше жағдайлар мен артықшылықтарды оңңтайландыру арқылы кірістерді молайтады.

Бұдан басқа, теңгенің тұрақтандырылуы, сондай-ақ ҚРҰБ өткізген түрлі шараның нәтижесінде экономиканы долларсыздандыру жалғастырылады.

«Тұрақты» болжамы S&P болжамын айқындайды: алдағы екі жылда мемлекеттік және сыртқы баланстар тұрақты болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz