Халықаралық қылмыстық сот рохинжа мұсылмандарының қудалану ісін қарайды

0

Нидерландыда шоғырланған Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) «Мьянмадағы рохинжа мұсылмандарының қуғындалу ісіне» байланысты Үшінші палата құрды. Енді жаңа орган судьялары ХҚС прокурорына істі толық зерттеуді тапсыра ма, жоқ па, соны анықтайды.

2017 жылы тамыз айында «Аракан рохинжаларын құтқару жасағы» тобының мүшелері Мьянма полициясына шабуыл жасап, бірнеше адамды өлтірген. Бұған жауап ретінде үкімет әскері елдің солтүстігіндегі мұсылмандар көп шоғырланған Ракхайн штатында әскери операция бастаған. Осылайша аймақта рохинжа мұсылмандары қуғынға ұшырай бастаған. Соның салдарынан шамамен 750 мың мұсылман босып кеткен, басым бөлігі көрші Бангладешті сағалауға мәжбүр болған.

Мьянма — Халықаралық қылмыстық сотқа мүше емес. Алайда Амстердам соты іс трансшекаралық сипат алғандықтан және Бангладеш ХҚС мүшесі болғандықтан істі жүргізуге құзыреті бар деп шешкен.

Azattyq