Халықаралық іздеуде жүрген трансұлттық қылмыстық топ жетекшісі ұсталды

0

2018 жылғы 4 желтоқсан 18:09 145

Халықаралық іздеуде жүрген трансұлттық қылмыстық топ жетекшісі ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жаркентте халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық топ жетекшісі ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«2018 жылғы 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысы Жаркент қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 2-бөлімімен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету), 194-бабының 4-бөлімімен (қорқытып алу) көзделген бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде тұрған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Жұмат Бегімбетовті ұстады»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.