Халық үнін еститін басшыдан айналдым — Дәулет Мұқаев
Белгілі журналист, блогер Дәулет Мұқаев кеше Instagram парақшасында ҚР Президентіне арнап, өрт сөндірушелердің айлығын көтеру туралы жазба жариялаған еді. Ол жазбанына оқырмандар қолдап астына төрт мыңға жуық пікір қалдырған деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
«Барлық өрт сөндірушілер, өртпен күресіп жатқандар, осы төтенше жағдайдағы ерлік үшін барлығың награда мен сыйақыға ұсыныласыңдар. Материалдық жағдайды көтеру, баспанамен қамту, кадрларды дайындай бойынша ең ауқымды шаралар қолға алынады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Халық үнін еститін басшыдан айналдым. Кешегі постымдағы айлық мәселесі әлеуметтік желіде кең көлемде таралған еді. Оны таратқан сіздерге рақмет. Бізді естіген басшыға рақмет», деп жазды Дәулет өз парақшасында.